Жапонияның ENEOS компаниясы ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатты

Сурет: pixabay
Жапондық ең ірі ENEOS энергетикалық компаниясы Таяу Шығыстан мұнай жеткізуге қайта бет бұрып, Ресейден мұнай сатып алудан бас тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания басшысы Такеши Сайто баспасөз мәслихатында компания үкіметтің тиісті шешімі шыққанға дейін ресейлік мұнайды сатып алуды тоқтатқанын мәлімдеді. Ол мұндай шешім «абыройға қауіп төндірмеу» қажеттігі себеп болғанын айтты.

Үкімет ресейлік мұнайды импорттауға тыйым салғанын жариялағанға дейін де абыройға төнген қауіпке байланысты біз оны сатып алуды тоқтаттық, деп хабарлады Киодо ақпарат агенттігі Сайтоның мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Аптаның басында Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Жапония Ресейден мұнай импортына тыйым салу туралы «қиын шешім» қабылдағанын хабарлады. Бұл ретте премьер-министр Токионың G7 бірлігін өз мүдделерінен жоғары қоятынын атап өтті.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек