Үндістандық ата-ана ұлы мен келінін немере сыйламағаны үшін сотқа берді

Сурет: pixabay
Сотта олар ұл мен келіннің бір жылда балалы болуын, әйтпесе ата-анасына 65 мың АҚШ доллары көлемінде өтемақы төлеуі керек екенін талап еткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үндістанда қарт ерлі-зайыпты Санджив пен Садхана Прасад ұлы мен келінін немере сыйламады деп сотқа беріп отыр. Ал жас ерлі-зайыптының үйленгеніне алты жыл болған. Олар содан бері балалы болмаған, деп жазды India Today басылымы.

Сот арызында әйел ұшқыш атанған ұлының оқуына қыруар қаржы салғанын айтқан. Сонымен қатар анасы 2016 жылы үйлену тойына қомақты қаражат жұмсағанын және жас жұбайларды өз ақшасына Тайландқа бал айына жібергенін айтты. Ата-анасы да үй салу үшін банктен несие алған.

Алайда тойдан кейін келіні ұлын Телангана штатының Хайдарабад қаласына көшіп келуге мәжбүрлеп, барлық байланысын үзген.

Оған қоса сотта келіннің отбасы күйеубаланың жалақысын толық қадағалайтыны және қызының әр шешімін қолдайтыны айтылған.

Талапкерлер ұлы мен келініне бір жылда балалы болуды, әйтпесе ата-анасына 65 мың доллар өтемақы төлеуді сұрап отыр.

Сот арызды 17 мамырда қарайды деп болжанды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты