Мұнай бағасы төмендей бастады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Әлемдік мұнай бағасы Қытай жариялаған макроэкономикалық статистикадан кейін аздап төмендеді. Бұл шикізатқа сұраныстың азаюы мүмкін екенін көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда деректеріне сәйкес, Мәскеу уақыты бойынша 9:10-дағы (Нұр-Сұлтан уақытымен 12:10) жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстерінің бағасы барреліне 109,65 долларға дейін 1,7%-ға төмендеді. Ал WTI маркасының шілдедегі фьючерстері – 1,5%-ға төмендеп, 107 доллар болды.

Мұнай бағасы Қытайдағы экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуі туралы деректер жарияланғаннан кейін төмендеді, бұл шикізатқа деген сұраныс азая ма деген алаңдаушылық туғызды, деп жазды Прайм.

Мәліметтерге сүйенсек, сәуірде бөлшек сауда көлемі күтілгендей 6,1%-ға емес, 11,1%-ға төмендеді. Бұл ретте өнеркәсіп өндірісінің деңгейі сәуірде күтпеген жерден 2,9%-ға төмендеді, дегенмен сарапшылар керісінше көрсеткіштің 0,4%-ға өсуін болжаған.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды