ҰҚШҰ басшылары қандай құжаттарға қол қояды

Сурет: odkb-csto.org
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының саммитінде көпжақты құжаттарға қол қою жоспарланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новости агенттігінің жазуынша, саммитте қол қоюға көпжақты құжаттар дайындалған, оның ішінде Ұжымдық қауіпсіздік шартының 30 жылдығы мен ұйымның 20 жылдығына байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің мәлімдемесі де бар.

Сонымен қатар, әскери ынтымақтастықты нығайту жоспарланған, оның ішінде Ауғанстан аумағынан келетін қауіп-қатер мәселесі де қамтылған.

Биологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылады, – делінген жиынға дайындалған материалдарда.

Еске салайық, 16 мамырда Кремльде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Биыл ол Ұжымдық қауіпсіздік шартына қол қойылғанына 30 жыл және ұйымның құрылғанына 20 жыл толуына орайластырылып отыр.

Ресей
Ауғанстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз