Азық-түлік бағасы 300 пайызға қымбаттаған Иран халқы митингіге шықты

Сурет: pixabay
Иранда азық-түлік бағасының өсуіне байланысты наразылық акциялары өтіп жатыр, оның барысында бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тауарлар азық-түлікке бөлінетін субсидияларды қысқарту туралы Үкімет шешімінен кейін күрт қымбаттай бастады.

IRNA басылымы Ясужа мен Дезфулда митингіге қатысқан 20-дан астам адам ұсталғанын жазады. Құқық қорғау органдары Дезфулда көшеге шыққан 300 наразылық білдірушіні таратты.

Ирандағы наразылық акциялары өткен аптада биліктің импортталатын бидайға бөлінетін субсидиялар көлемін қысқарту туралы шешімінен кейін басталды, бұл ұн өнімдеріне деген бағаның 300% өсуіне әкеліп соқты. Сондай-ақ, сүт өнімдері мен өсімдік майының бағасы да күрт өсті.

ИИР Ішкі істер министрі Ахмед Вахиди демонстрациялар жергілікті сипатқа ие екенін, оның ауқымды масштабқа ұласпағанын айтады.

"Тезірек баға тағы өспей тұрғанда сатып алайық" деген Иран тұрғындары дүкендер алдында үлкен кезек тудыруда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты