40 млрд доллар. Байден Украинаға қаржылай зор көмек беретін заңға қол қойды

Сурет: Instagram/joebiden
АҚШ Президенті Джо Байден Украинаға көмек ретінде 40 миллиард доллар бөлу туралы Заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, заң "Украинаға қолдау және 2022 қаржы жылына көмек ретінде федералды ведомстваларға қосымша төтеден қаражат бөлуді" қарастырады.

Алдында Байден АҚШ конгресінен Украинаға көмек көрсету үшін қосымша қаржы сұраған болатыр. Ол 33 миллиард доллар сұраған еді.

Конгресс оның бастамасын мақұлдап қана қоймай, қосымша көмек көлемін 40 миллиард долларға дейін көтерді. Бұл заң жобасын Сенат мақұлдады.

Атап айтқанда, әскери техникаға, сондай-ақ азық-түлікке көбірек қаражат бөлу ұсынылды. Сонымен, шамамен 20 миллиард доллар тікелей әскери көмекке, соның ішінде украин әскерлерін оқытуға және қамсыздандыруға, сондай-ақ америкалық қару-жарақ қорын толықтыруға жұмсалады. Сондай-ақ босқындарды қолдауға, соның ішінде оларды баспанамен қамтамасыз етуге және олардың тілдік курстардан өтуіне 900 млн доллар бөлінді.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті