Доллардың әлсіреуі салдарынан алтынның бағасы өсіп жатыр

Сурет: ҚР Ұлттық банкі
Доллардың әлсіреуі салдарынан алтынның құны біртіндеп өсіп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық мәліметтеріне сәйкес, Мәскеу уақытымен 10:18-дегі (Нұр-Сұлтан уақытымен 13:18) жағдай бойынша Нью-Йорктың Comex биржасында алтынның маусым айындағы фьючерсінің бағасы 7,21 долларға немесе 0,41%-ға өсіп, бір троя унциясы 1855,4 доллар болды, деп жазады Прайм.

Оған қоса, шілде айындағы күміс фьючерсі 0,52%-ға қымбаттап, бір унциясы 21,839 доллар болды.

Алтын бағасы доллардың құнсыздануы ықпалымен ерте азиялық сауда-саттықта өсіп барады, – деді Oanda сарапшысы Эдвард Моя.

Доллардың басқа негізгі әлемдік валюталарға, оның ішінде еуро мен иенге қатысты бағамы әлі төмендеп жатыр.

Осылайша, доллардың әлсіреуі алтынға деген сұранысты арттырды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады