Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (SPKC) Латвияда маймыл шешегінің алғашқы расталған жағдайына қатысты эпидемиологиялық тексеру жүргізіп жатыр. SPKC науқаспен сөйлесіп, барлық қажетті шараларды қабылдады. Науқас 50 жас шамасындағы ер адам, шетелде инфекция жұқтырған. Ауру оңай өтеді, науқас дәрігердің бақылауында, – делінген Delfi порталының хабарламасында.
2022 жылы бірнеше елде маймыл шешегінің өршуі байқалды. Вирус алғаш рет Нигерия сапарынан оралған британдықта анықталды.
Маймыл шешегі – сирек кездесетін вирустық инфекция, ол адамдар арасында да жұғады. Көбінесе бұл жеңіл өтетін сырқатқа жатады. Бірақ кейбір науқастарда асқынулар болуы мүмкін.
Маймыл шешегінің алғашқы белгілері – дене қызуының көтерілуі және бөртпе. Инфекция жұқтырғандар бас ауруы мен бұлшықет ауырсынуына шағымданады. Арқаның ауыруы, лимфа түйіндерінің ісінуі, қалтырау, шаршау белгілері де кездеседі.