Әлемде алтынның бағасы арзандады

Сурет: ҚР Ұлттық банкі
Сарапшылардың пікірінше, алтынның құны Қытайда енгізілген жаңа коронавирус шектеулеріне байланысты арзандап барады. Алтын фьючерстері бір унцияға 1845,4 долларға дейін арзандады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:57-дегі жағдай бойынша, Нью-Йорктың Comex биржасында алтынның тамыз айындағы фьючерстерінің бағасы бір трой унциясына 7,3 доллар немесе 0,39% төмендеп, 1845,4 доллар болды. Шілде айындағы күміс фьючерстері 0,84% арзандап, унциясына 21,633 доллар болды, – делінген сауда деректерінде.

Инвесторлар Қытай тарапының сұранысынан қауіптеніп отыр. Өйткені билік Бейжің мен Шанхайда коронавирус пандемиясына қарсы жаңа шектеу шараларын енгізді. Салдарынан бағалы металдар нарығында жағымсыз үрдіс байқалды, деп жазады 1prime.ru.

Бұдан бөлек алтын бағасына АҚШ мемлекеттік облигацияларының табысты болуы да (АҚШ қазынашылықтары) әсер етеді, ол 3,055% көтерілді.

Қытай
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды