Евровидение – 2023 Украинада өтпейді

Сурет: European Broadcasting Union - EBU
Евровидение – 2023 ән байқауы Украинада өтпейді. Бұл туралы Еуропалық хабар тарату одағы (EBU) ресми түрде мәлімдеп, шараны өткізуге жаңа орын іздеуге кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одақ келесі жылы Украинада ән байқауын өткізілмейтіні туралы хабар көңіл-күйді түсірсе де, қызметкерлер мен шараға қатысушылардың амандығы мен қауіпсіздігі маңыздырақ екенін атап өтті.

Сонымен қатар олар бұл шешімге Украинада айтарлықтай шығынға әкеп соқтыратын әуе шабуылдарының елеулі қаупі әсер еткенін де тілге тиек етті.

Сондай-ақ, EBU Украинадағы қақтығысқа байланысты басқа елдердің байқау делегациясы бұл елге барғысы келмейтінін айтты.

Байқауды ұйымдастырушылар Евровидение-2023 байқауында жұмыс істеуге кемінде 10 мың адам аккредиттелгенін хабарлады, оның ішінде түсіру тобы, қызметкерлер, журналистер және т.б. бар. Сондай-ақ шараға әлемнің түкпір-түкпірінен 30 000-ға жуық жанкүйер барады деп жоспарлғанған-ды.

Бұған дейін EBU Евровидениені Ұлыбританияда өткізу мүмкіндігі қарастырылып жатқанын хабарлады. Осыған байланысты EBU Ұлыбританиядағы BBC телерадиокорпорациясымен ән байқауын Ұлыбританияда ұйымдастыру бойынша келіссөздерді бастады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті