Әлемде COVID-19-ға шалдығушылар саны 540 миллионнан асты

Сурет: Zakon.kz
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) әлем бойынша коронавирус инфекциясына қатысты статистикалық мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС-тың хабарлауынша, 27 маусымда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 20:49-дағы жағдайға сәйкес, пандемия басталғаннан бері 540 млн 923 мың 532 жұқтыру жағдайы тіркелгені, 6 млн 325 мың 785 адамның қайтыс болғандығы белгілі. 23 маусымнан бері ДДСҰ-ның алдыңғы ақпараттық бюллетені жарияланған кезден бастап вирус жұқтырғандардың саны 1 млн 590 мың 289-ға, кісі өлім 2 мың 989-ға артты.

Статистикаға тек әр мемлекет ұсынған ресми жағдайлар есепке алынғаны атап өтіледі. вирус жұқтырушылардың 500 миллиондық шегі 14 сәуірде, 400 миллион – 10 ақпанда, 300 миллион – 8 қаңтарда, 200 миллион – өткен жылдың 5 тамызында игерілді.

ДДСҰ мәліметтері бойынша инфекцияның ең көп расталған жағдайлары АҚШ-та анықталды: 85 млн 673 мың 420. Одан кейін Үндістан (43 407 046), Бразилия (31 890 733), Франция (29 495 945) және Германия (27 771 911). Өлім-жітімнің де көбісі АҚШ-та тіркелді – 1 млн 005 мың 025, екінші орында - Бразилия (669 530), үшінші орында – Үндістан (525 020). Одан кейін Ресей (380 943) және Мексика (325 487) тұр.

COVID-19
ДДСҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік