Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

Сурет: Telegram/Ateo Breaking
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанда бір айға төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің Жарлығымен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қалпына келтіру мақсатында Қарақалпақстан Республикасының территориясында 2022 жылдың 3 шілдесінде сағат 00:01-ден бастап 2022 жылдың 2 тамызында сағат 00:00-ге дейінгі аралықта төтенше жағдай енгізілді, делінген Президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше жағдай кезінде коменданттық сағат 21:00-ден таңғы 7:00-ге дейін жұмыс істейді.

Комендатураның басшысы болып Ұлттық ұланның қолбасшысы Рустам Джураев тағайындалды.

Елге кіру және шығуға шектеу енгізілді. Барлық бұқаралық шараларға тыйым салынды.

1 шілдеде Қарақалпақстан азаматтары Нүкіс қаласында шерулер өткізді, содан кейін олар орталық дехкан базарының аумағына жиналып, заңсыз демонстрация ұйымдастырды.

Адамдар Конституцияға енгізілетін түзетулер жобасына байланысты митингке шықты, олар Қарақалпақстанның Өзбекстаннан шығу құқығы туралы тармақты алып тастауға түбегейлі наразы.

Кейін Өзбекстан билігі наразылық білдірушілердің мемлекеттік басқару органдарын басып алуға тырысқандарын мәлімдеді.

2 шілдеде кешкісін Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанның құқықтық мәртебесі туралы норма өзгеріссіз қалдыруды ұсынып, Олий Мәжілістің заң шығарушы палатасына жүгінді.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты