Илон Маск Рим папасы Францискпен кездесті

Сурет: Twitter/elonmusk
Америкалық кәсіпкер және SpaceX компаниясының негізін қалаушы Илон Маск Рим папасы Францискпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Маск Twitter-де жазды.

Кәсіпкер Илон Маск Ватиканда Рим папасы Францискпен кездесті. Ол Twitter-де Папамен және төрт баласымен бірге түскен суреттерін жариялап, бұл кездесу өзі үшін үлкен мәртебе болғанын жазды.

Рим папасы Францискпен кездесу мен үшін үлкен құрмет, – деп жазды ол, бірақ кездесудің мән-жайы туралы кеңірек мағлұмат бермеді.

Итальяндық La Repubblica газетінің мәліметінше, бұл 40 минутқа созылған жеке кездесу болды. Ол Рим папасының жеке аппартаменті орналасқан Ватикандағы Қасиетті Марта үйінде өтті. Әңгіме барысында америкалық кәсіпкер мен Рим папасы "қоршаған орта мәселелері және адамзаттың болашағы" туралы мәселені талқылағаны айтылады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады