Шанхайда ауруханада белгісіз ер адам айналасындағыларға пышақ ала жүгірді

Сурет: pixabay
Шанхайда полиция қалалық ауруханалардың бірінде бірнеше адамды жарақаттап, айналасындағыларға пышақ ала жүгірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға күннің бірінші жартысында Хуанпу қаласының медициналық мекемесінде орын алды, деп хабарлайды The Paper жергілікті ақпараттық ресурсы.

Оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер қаскөйді жарақаттап, табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болды. Артынан ол ұсталды.

Төрт зардап шеккен адам ауруханада жатыр. Порталдың хабарлауынша, олардың алған жарақаты аса қауіпті емес.

Бұл - қаладағы бір аптада бойында жасалған екінші шабуыл. 4 шілдеде Цзинь аудандарының бірінде бұрынғы жұмыс берушісімен сөзге келіп, жаға жыртысқан 59 жастағы ер адам айналасындағыларға тап берген. Салдарынан бірнеше адам жарақат алды.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді