БҰҰ Бас хатшысы әлемдегі ядролық қақтығыс қаупі ең жоғары шекке жеткенін мәлімдеді

Сурет: Twitter/Антониу Гутерриш
Соңғы онжылдықтарға қарағанда бүгінгі таңда әлемде ядролық қақтығыс қаупі өте өзекті мәселеге айналып тұр, - деді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Бізге ортақ күнтәртібі" атты баяндама жасаған БҰҰ Бас хатшысына сілтеме жасап, РИА Новости хабарлайды.

Геосаяси шиеленістер күшейе түсті. Ядролық қақтығыс қаупі соңғы онжылдықтағы ең жоғары шекке жетті. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Бұған дейін Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова Америка Құрама Штаттары одақтастарымен қоса тепе-теңдік орнатуда Ресеймен әскери қақтығыс шегіне дейін барып қоя жаздауда деп мәлімдеді.

Сондай-ақ Қытай әскери сарапшысы Сун Чжунпин Global Times газетіне берген сұхбатында Украинадағы жағдай Еуропадағы ядролық соғысқа әкеліп соғуы мүмкін екенін айтқан.

2 шілдеде Newsweek шолушысы Бонни Кристиан Ресей мен Америка Құрама Штаттары әскери іс-қимылдар аймағында тым жақын болғандықтан Сирияда өзара қақтығысуы мүмкін деп жазды.

БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды