БҰҰ Бас хатшысы: Бүкіл әлем арсеналында 13 мыңға жуық ядролық қару бар

Сурет: Twitter/Антониу Гутерриш
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Хиросимадағы Бейбітшілік мемориалының ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Хиросима мен Нагасакиді атом бомбасымен бомбалау кезінде аман қалған адамдардың куәлік еткен сөздері ядролық соғыстың абсолютті түрде ақылға қонымсыз екенін еске салады. Бірақ, соған қарамастан бүгінгі таңда әлемде қаруланудың жарысы қарқын алуда. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Хиросимада Жапониядағы қайғылы оқиғаның 77 жылдығына арналған рәсімде сөйлеген сөзінде мәлімдеді. Ол баршаны ядролық қарусыздануға шақырды, деп хабарлайды news.un.org.

Антониу Гутерриш әлемдік көшбасшы мемлекеттер жүздеген миллиард долларды жұмсап, ядролық қару қорын толықтырып жатқанын өкінішпен атап өтті. БҰҰ басшысының айтуынша, бүкіл әлем арсеналында 13 мыңға жуық ядролық қару бар. Оның айтуынша, ядролық соғысқа әкеліп соғуы мүмкін дағдарыстар бірінен кейін бірі орын алып жатыр: Таяу Шығыстан Корей түбегіне дейін, Ресейдің Украинаға шабуылына дейін".

Ядролық қаруға ие мемлекеттердің ядролық соғысқа жол беруіне қақы жоқ. Қазір адамзаттың қолында оқтаулы тапанша тұр деп айтсақ та болады қазіргі жағдайды бейнелеп жеткізсек, - деді Антониу Гутерриш.
БҰҰ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады