Ереван сауда орталығында жарылыс: Арменияда қаралы күндер белгіленді

Сурет. pixabay
Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянның шешімімен 17-18 тамыз аралығында «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс құрбандарын еске алу үшін қаралы күндер жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Новости-Армения» агенттігінің хабарлауынша, бұл күндері ел жалауы флагштоктың жартысына дейін түсіріліп, жарнамалық және ойын-сауық бағдарламаларының көрсетуіне, тарауына тыйым салынған.

Айта кетейік, 14 тамыз күні сағат 13.23-те «Сұрмалу» сауда орталығында жарылыс болып, одан кейін өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, пиротехникалық заттар қоймасы жарылып, аумағы 2,8 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат жартылай опырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан 16 адам қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалған. 62 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендер елорданың түрлі медициналық орталықтарына жатқызылды. Сейсенбідегі жағдай бойынша 7 азамат ауруханада жатыр, қалғандарына медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне шығарылды. 1 га аумақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. 17-18 тамызда Армения мен Арцахта қаралы күн жарияланды.

Армения

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі