Мемлекеттік кірістер комитеті шекараның қай учаскелерінде көліктер жиналып қалғанын айтты

Сурет: видеодан скриншот
Шекараның кейбір учаскелерінде 21 қыркүйектен бастап Ресейден Қазақстанға қатынайтын жолаушылар көліктері 20% өсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Ресейден келетін кіреберістегі шекараның кейбір учаскелерінде көліктер жиналып қалған.

Мемлекеттік кірістер комитетінің айтуынша, көліктердің ең көп жиналуы Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тіркелді.

Өз кезегінде Ішкі істер министрлігі ресейліктердің Қазақстанға көшуіне қатысты жағдайды қадағалап отырғанын хабарлады.

ЕАЭО елдерінің азаматтары үшін көшіп келушілердің Қазақстанда болуының рұқсат етілген мерзімі - Қазақстанның мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап күнтізбелік 90 күн.

Көшіп келушілерді тіркеуді ішкі істер органдары қабылдаушылардың мәліметтері, сонымен қатар Қазақстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінен кіру және шығуды есепке алудың бірыңғай дерекқорына түсетін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің деректері негізінде жүзеге асырады.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды