Оның айтуынша, қала дағдарыс жағдайында. 2022 жылдың сәуір айынан бастап оңтүстік шекарадан 17 мыңнан астам адам бас сауғалап келген. Олардың көпшілігі Оңтүстік Америкадан келгендер.
Бүгін Нью-Йоркте төтенше жағдай режимін жариялаймын және соған сәйкес ереже шығады, деп ТАСС Адамстың сөзін келтіреді.
Билік аталған мәселені шешуге 2023 жылдың маусым айының соңына дейін шамамен 1 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр.
Әкім қаладағы үйсіздерге арналған баспана жүйесі 100% қамтылғанын, 60 мыңнан астам адам үнемі түнде жататын орын іздейтінін, оның 20 мыңға жуығы балалар екенін атап өтті. Оның үстіне күн сайын Оңтүстік штаттардан мегаполиске қандай да бір келісімсіз немесе ескертусіз 5-6 автобус заңсыз мигранттар келіп жатады.
2022 жылы Техас, Аризона және Флорида билігі Мексикамен арадағы шекараны заңсыз кесіп өткен шетелдіктерді Вашингтонға, Нью-Йоркке және басқа да ірі қалаларға автобустармен жаппай жөнелте бастады. Көпшілік АҚШ президенті Джо Байденнің мұндай тым жұмсақ көші-қон саясатына наразы.