Қырым көпіріндегі жарылыстан үш адам опат болған

Сурет: sledcom.ru
Алдын ала мәліметтер бойынша, Қырым көпіріндегі жарылыстан үш адам опат болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұндай ақпаратты Ресейдің Тергеу комитетінің Telegram-арнасы жариялады.

Құзырлы ведомствоның мәліметінше, жарылыс кезінде қаза тапқандар - жарылған жүк көлігі маңындағы жеңіл автокөліктің жолаушылары.

Қазіргі уақытта екі адамның денесі судан табылды: бір ер адам және бір әйел адам. Олардың жеке басы анықталу үстінде, делінген Ресей Федерациясының Тергеу комитетінің хабарламасында.

Тергеушілер жүк көлігі мен оның иесіне қатысты мәліметтерді де анықтаған. Ол Краснодар өлкесінің тұрғыны болып шықты.

Оның тұрғылықты жері бойынша тергеу әрекеттері басталды. Автокөліктің жүріс бағдары мен тиісті құжаттары зерттеледі. Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, - дейді Тергеу комитеті.

Ресей Федерациясының ұлттық Терроризмге қарсы комитеті (ҰАК) 8 қазанда Қырым көпірінде көлік жарылғанын хабарлады. Сондай-ақ Қырым көпірімен жүйткіп бара жатқан пойыздың соңғы тіркемесіндегі жанар-жағармай цистернасының отқа оранғаны белгілі болды. Вагондардың бір бөлігі локомотивке тіркеліп, Керчь станциясына шығарылды.

Қырым билігінің мәліметінше, Краснодар қаласынан Керчь бағытында көліктерге арналған екі жолақ опырылып түскен. Тек бір автокөлік жолағы аман қалған: Керчьтен Таманға қарайғы. Теміржол қандай күйде екені, әзірге мәлімет жоқ.

Көпір арқылы автомобильдер мен пойыздардың қозғалысына тыйым салынды. Керчь паромының жұмысын жандандыру қолға алынып жатыр.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты