LG компаниясының Ресейдегі зауыты Қазақстанға көшірілуі мүмкін

Сурет: lg.com
21 қазанда LG өндірісін Ресейден Қазақстанға немесе Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Коммерсантъ" басылымы дереккөздерге сілтеме жасап, Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі LG компаниясымен жаңа зауыт ашу мәселесін талқылап жатқанын хабарлады.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне хабарласты.

1998 жылы LG компаниясы Қазақстанда зауыт ашқан, бірақ ол бірнеше жылдан кейін жабылып қалды. Зауытта тоңазытқыштар, кір жуғыш машиналар мен теледидарлар шығарылды.

Ресейлік сарапшы Леонид Делицынның айтуынша, жұмыс күші арзан болғандықтан, өндірісті Өзбекстанда ашу Қазақстанға қарағанда тиімдірек болады. Бірақ қазақстандық нарық жан басына шаққандағы табыстың арқасында тартымдырақ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз