Италияның тұңғыш әйел премьер-министрі Джордж Мелони ант берді

Сурет: Twitter/Giorgia Meloni
Оңшыл "Италия бауырлары" партиясының жетекшісі Джордж Мелони елдің жаңа премьер-министрі болды. Ол 24 министрмен бірге 22 қазанда Италия президенті Серджо Маттареллаға ант берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа үкіметке үш партия енді: "Италия бауырлары", Маттео Сальвинидің "Лигасы" және "Алға, Италия!", деп жазады Ansa.it.

21 қазанда Джордж Мелони Президентпен екі рет кездесті. Алғашқы таңғы кездесуге ол болашақ коалициядағы екі әлеуетті серіктесі – оңшыл популистік "Лиганың" жетекшісі Маттео Сальвини және Италия саясатының ардагері, бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлускони үшеуі келді.

Джордж Мелониді жаңа қызметімен құттықтаймын. Мен бізді күтіп тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, жаңа үкіметпен бірге сындарлы жұмыс істеуге дайынмын және қуаныштымын, – деп жазды Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен өзінің Twitter-дегі парақшасында.


Джорджио Мелони – итальяндық саясаткер, 1977 жылы 15 қаңтарда Римде дүниеге келген. Ол – 2022 жылғы 22 қазанан бастап Италия Министрлер кеңесіне төрағалық еткен тұңғыш әйел.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз