21 қыркүйектен бері Қазақстанда шетелдіктерден ЖСН алуға 200 мыңға жуық өтініш түскен

Сурет: gov4c.kz
Елімізде ЖСН алғысы келетін шетелдік азаматтар саны - 200 мыңға жуық. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министр мобилизация жарияланғаннан бері қанша Ресей азаматы ЖСН алғанын нақтылауға уәде берді.

21 қыркүйектен бүгінге дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына 200 мыңға жуық өтініш түскен. Өтініштің барлығы дерлік шетелдіктерден. Ал берілген ЖСН үшін Ішкі істер министрлігіне хабарласқан дұрыс.Әсет Тұрысов

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеке сәйкестендіру нөмірін алу үшін шетелдік азаматтарға төлқұжаттың түпнұсқасы ғана қажет екенін айтқан еді. Өндіріс уақыты - бір жұмыс күні.

ЖСН бейрезиденттерге еңбек шартын жасасу, қызмет көрсету үшін қаражат алу, әкімшілік жауапкершілікке тарту, салық есебін жасау, түрлі банктік және басқа операцияны жүргізу үшін қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті