Пелосидің жұбайына шабуыл жасады деген күдіктіге қатысты тың мәлімет жарияланды

Сурет: pixabay
АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің жұбайына балғамен шабуыл жасады деген күдіктіге қатысты қосымша мәлімет белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN телеарнасының хабарлауынша, 42 жастағы Дэвид Депепи Facebook-те жойылған парақшасында кезінде әртүрлі қастандық теорияларын қолдап, жазбалар жазғаны анықталды. Атап айтқанда, ол өз парақшасында Дональд Трамп талап еткендей, АҚШ-тағы 2020 жылғы президент сайлауының нәтижелері бұрмаланған деп санайтынын жазған. Сонымен қатар, Депепи 2021 жылдың 6 қаңтарында конгресс ғимаратына басып кірген республикашылдардың жақтастарын қолдап, пікір білдірген.

Сондай-ақ, Депепи коронавирусқа қарсы вакциналардың өмірге қауіпті екені туралы расталмаған деректерді жариялап, әлемдік элита пандемияны жаңа әлемдік тәртіпті орнату үшін қолданды деп айыптады.

28 қазанда АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің жұбайына хирургиялық ота жасалды, одан кейін Сан-Францискодағы саясаткердің резиденциясына белгісіз адам баса-көктеп кіріп, оған балғамен тап берген.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін