Украина жаңа "Мрия" ұшағын жасап жатыр

Сурет: Instagram/antonov_company
Әлемдегі ең үлкен ұшақ жасырын жерде қайта құрастырылып жатыр. Құрылыс құны 500 миллион еуро деп есептелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Bild басылымына украиналық "Антонов" мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Евгений Гаврилов хабарлады.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде ұшақтың 30 пайызы құрастырылды.

Ол екінші Ан-225-ке жаңа бөлшектерге қоса, зақымдалған ұшақтың бөлшектері де қолданылатыны айтты.

27 ақпанда Украина әлемдегі ең үлкен жүк ұшағы "Мрияның" жойылғаны туралы хабарлады. Көп ұзамай "Укроборонпром" компаниясының бас директоры Юрий Гусев ұшақты қалпына келтіруге 3 миллиард доллар мен көп уақыт қажет екенін айтты.

Ан-225 1984-1988 жылдары КСРО-да Киев механикалық зауытында жобаланып, бір данасы ғана жасалды. Әуе кемесі 1989 жылы жұмыс істей бастады, ол салмағы 150-200 тонна жүкті көтере алды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды