Мәскеуде әйел бір жасар қызын 11-қабаттағы терезеден лақтырып жіберді

Мәскеуде Сумский өткелінде тұрғын үйдің терезесінің түбінен кішкентай қыз табылды. Мәскеу прокуратурасының мәліметінше, анасы бір жасар қызын 11-қабаттағы пәтердің терезесінен лақтырып жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кезінде пәтерде бір жасар баланың 26 ​​жастағы анасы болған. 2021 жылы туған қыз ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Сурет: Telegram/moscowproc

Прокуратура кәмелетке толмағандар туралы федералдық заңнама талаптарының сақталуын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша прокурорлық ден қою шаралары қабылданады, – делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға пәтердің ас бөлмесінде болған. 26 жастағы мәскеулік бір жасар қызын терезеден лақтырып жіберіп, өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп жазды 112 Telegram арнасы.

Әйел көп дәрі ішіп, пәтердегі газды қосып қойған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері есікті бұзып, зардап шегушіні дәрігерлерге тапсырды.

Бала Мәскеуде аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. "Кәмелетке толмаған баланы өлтіруге оқталу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысын Мәскеу прокуратурасы бақылайды.

Ресей
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: