Польша Ресеймен арадағы шекарада 3 мың бақылау камерасын орнатады

Сурет: pixabay
Польшаның Ресеймен арадағы құрлықтағы шекарасының ұзындығы - 210 шақырым. Осынша шақырым шекара бойымен тепловизорлар мен қозғалыс датчиктерін орнату жоспарланып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Польша Ресейдің Калининград облысымен шектесетін шекарада 3 мың бақылау камерасын орнатпақшы. 18 қарашада Польшаның ішкі істер және әкімшілік министрі Мариуш Каминьский журналистерге осындай мәлімет берді, деп хабарлайды Известия.

"Кеше Великополь аймағына қарасты поляк фирмасы таңдалды, ол биылдың өзінде Польша мен Ресей шекарасында электронды бөгеттер салуға кіріседі. Келесі жылдың екінші жартысында осы заманауи құрылғылардың барлығы поляк-ресей шекарасындағы шекара күзетіне қолжетімді болады". Мариуш Каминьский

Ол шекарада күндізгі және түнгі шолу камералары, тепловизорлар, қозғалыс датчиктері орнатылатынын нақтылады.

"Бұл шешімдер шекарадағы қауіпті тез анықтауға және біздің қызметтеріміздің өте жылдам реакция жасауына мүмкіндік береді". Мариуш Каминьский

7 қарашада Польша билігінің Калининград облысымен шектесетін шекарада Беларусь шекарасындағыдай қоршау тәрізді қабырға салынатынын жоққа шығармайтыны белгілі болды.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды