Мәскеудің орталығында қойма өртеніп жатыр

Сурет: ВКонтакте/Nr
Мәскеу орталығындағы Комсомольская алаңы маңында (үш теміржол вокзалы) өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт туралы ТАСС агенттігіне жексенбі, 20 қарашада Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің бас басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Алдын ала мәлімет бойынша, Комсомольская алаңындағы қойма ғимараты өртеніп жатыр.

Baza-ның хабарлауынша, өрт сөндірушілер қазірдің өзінде гүл жылыжайы аймағындағы 7 адамды құтқарып үлгерген.

Қою түтін мен ғимараттың жоғары жанғыш жүктемесі өрт сөндірушелерге қиындық тудырып жатыр. Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіру техникасы мен жеке құрамның 45 адамы жұмылдырылды.

Ангарда жиһаз өндіруге арналған материалдар мен өндіріс қалдықтары жанып жатыр, деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар министрлігі.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады