Өзбекстанда электр қуаты жоспарлы түрде өшіріледі

Сурет: pixabay
Өзбекстанның энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов елдегі электр қуатындағы ақау жөнінде пікір білдірді. Ол қазіргі ауа райы жағдайында ауыр зардаптардың алдын алу үшін электр қуатын жоспарлы түрде өшіру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов электр қуаты не себепті не себепті өшкені жөнінде түсініктеме берді, деп жазды Gazeta.uz.

"Біздің міндетіміз – тұрғындардың үйін газбен қамтамасыз ету, сонымен қатар табиғи газды пайдалана отырып, жылу электр станцияларында электр қуатын өндіру және электр қуатымен қамтамасыз ету. Иә, қарсы болып жатқандар бар. Жарық пен газды бәріне бірдей жетпей отыр, жиі өшіп қалып жатыр. Біз мұны мойындаймыз, ешкім жоққа шығармайды". Жұрабек Мирзамахмудов

Жақында Ташкент әкімдігі қолда бар газ қорын барлық тұтынушылар арасында біркелкі бөлуге тырысып жатқанын, бірақ жанармай жеткіліксіз екенін хабарлады. Осы себепті қоғамдық көліктерден басқа барлық көліктерге газ құю бекеттерінің жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданды.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты