Илон Маск Twitter әлеуметтік желісін құлап бара жатқан ұшаққа теңеді

Сурет: pxhere
Илон Маск Twitter-ді апатқа ұшыраған ұшақпен салыстырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ақпаратты Bloomberg  бизнесменнің Twitter Space аудио бөлмесіндегі мәлімдемелеріне сілтеме жасай отырып таратты.

"Егер сіз менің тарапымнан қарасаңыз, бұл жағдай қозғалтқышынан өрт шығып, аспап панелі істемей, жерге қатты жылдамдықпен зулап келе жатқан ұшақты елестетер еді". Илон Маск

Ол Twitter-дегі шығындарды қысқарту арқылы 2023 жыл компания үшін шығынсыз аяқталатынын атап өтті.

Аамерикалық кәсіпкер Илон Маск "осы жұмысқа кірісуге дайын ақымақты" тапқан соң Twitter-дің бас директоры қызметінен кететінін айтқан еді. Өзі бағдарламалық жасақтама мен сервер тобын басқаратынын мәлімдеді.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Гайдар Қасенов пен Достанбек Есжанов неге қызметтерінен босатылды

Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті