Еуропалық комиссия ресейлік активтерді тәркілеуге кірісу жайлы Эстония жоспарын қолдады

Сурет: commission.europa.eu
Еуропалық комиссия (ЕК) Эстонияның ЕО-ға қарайламай Ресейдің қаржылық активтерін тәркілеуге кірісу ниетін қолдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 12 қаңтарда Брюссельде өткен брифингте ЕК өкілі Кристиан Виганд мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, Еуропалық комиссия бұл мақсатта Эстония билігі қандай заңды жолды таңдайтынан әлі мақрұм. Алайда, оның пікірінше, бұл әрекеттер Еуропалық комиссияның күш жұмсап жатқан бағытына сәйкес келеді. Мәселен, 2022 жылдың 2 желтоқсанында комиссия ЕО-ға Ресейге қарсы санкцияларды айналып өтуге қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынды, бұл одаққа мүше елдердің ресейлік активтерді тәркілеу процесін жеделдетуге мүмкіндік беруі тиіс болатын.

"Біз санкцияларды айналып өтуге қылмыстық жауапкершілік енгізу жасыруға тырысып жатқан активтерді тәркілеуге көмектесетінін бірнеше рет атап өттік. Бұл біздің Украинаны қалпына келтіруге бағыттайтын қаражатты өндірудегі күш-жігеріміздің бір бөлігі болады. Сондықтан ЕО-ға мүше мемлекеттер осы бағытта қадамдар жасаса жақсы болушы еді", — деді ЕО өкілі қаңтар айының соңына дейін Эстонияның өз территориясында бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу жоспарын жариялау ниетіне қатысты қойылған сұраққа берген жауабында.


Екі күн бұрын Bloomberg агенттігі Эстония Украинаға ақша жіберу үшін Еуропалық одақтың (ЕО) санкцияларына байланысты бұғатталған ресейлік активтерді тәркілеу жоспарын қаңтар айының соңына дейін ұсынғалы отырғанын хабарлады.

Бұған дейін Эстонияның сыртқы істер министрі Урмас Рейнсалу республика Ресейдің бұғатталған активтерін тәркілеп, Украинаға беру процедурасын өз бетінше бастау мүмкіндігін қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, бұл арада 17 млрд евро туралы сөз болып отыр.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды