Сербияда алтынның ірі кен орны табылды

Сурет: pixabay
Сербия президенті Александр Вучич халыққа жолдауында қоры бойынша әлемдегі ең ірі 100 кен орнының қатарына кіруі мүмкін алтын кен орны табылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Rambler басылымының жазуынша, кен орны турасында Вучич:  "Біз Жагубицадан әлдеқайда көп алтыны бар тағы бір кен орнын таптық. Қазір қосымша тексеріп жатырмыз, бірақ алдын ала мәліметтер бойынша, әңгіме әлемдегі жүз алтын кен орынының бірі [ең бай], тіпті одан да үлкен кен орны турасында болуы мүмкін", – деп мәлімдеме жасады.

Бұған дейін елдің тау-кен өнеркәсібі және энергетика министрі Дубравка Джедович-Негре Сербияның Жагубица муниципалитетінде ірі алтын кен орны табылғанын мәлімдеген. Ол: "Бұл бүкіл елдің экономикасы үшін, әсіресе Шығыс Сербия үшін үлкен маңызға ие болуы мүмкін", – деді.


Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз