Мысырда ең көне мумия табылды

Сурет: pixabay
Зерттеушілер ел астанасы Каир маңынан қабір тапты. Археологтардың пайымдауынша, ондағы мумия ең көне әрі ең жақсы сақталған мумия болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

4300 жыл болған мумия жақында Саккардағы сатылы пирамиданың жанынан анықталған бесінші және алтыншы династияға тиесілі делінетін қабірдің 15 метрлік шахтасынан табылды, деп жазды Reuters.

Археологиялық топтың жетекшісі Захи Хавасстың айтуынша, Гекашепес есімді ер адамның мумиясы ерітіндімен мөрленген әктас саркофагында жатқан.

"Бұл мумия Египетте осы уақытқа дейін табылған ең көне және ең "толық" мумия болуы мүмкін". Захи Хавасс

Анықталған басқа қабірлердің ішінде бесінші әулеттің соңғы перғауны Унастың тұсында ақсүйектердің бақылаушысы және діни қызметкер болған Хнумджедефтің қабірі табылды. Қабір күнделікті тұрмыс-тіршілікті бейнелейтін суреттермен безендірілген.

Тағы бір қабір "құпияларды сақтаушы және сарайдың ұлы көсемінің көмекшісі" Мәриямға тиесілі болып шықты.

Қабірлердің арасынан көптеген мүсін табылды, оның бірінде ер адам мен оның әйелі, сондай-ақ бірнеше қызметші бейнеленген.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді