Қырғызстан мен Өзбекстан шекараны межелеу аяқталғанын хабарлады

Сурет: Қырғызстан президентінің баспасөз қызметі
Шавкат Мирзиёев пен Садыр Жапаровтың кездесуінде қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялау аяқталғаны мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз елінің президенті Садыр Жапаров Қырғызстан бауырлас Өзбекстанмен тату көршілік рухындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше ден қоятынын атап өтті.
"Бүгін біз қырғыз-өзбек шекарасын делимитациялауды аяқтап жатырмыз. Бұл – шын мәнінде тарихи оқиға. Біз диалогқа және өзара қолайлы шешімдерді іздеуге дайын екенімізді көрсеттік. Шекара мәселелеріне нүкте қою арқылы біз болашақ ұрпағымыздың дамуы үшін берік іргетас қалап бердік деп ойлаймын". Қырғызстан президенті  Садыр Жапаров

Садыр Жапаров делимитация мәселелерін шешудегі Шавкат Мирзиёевтің рөлін ерекше атап өтті.

Шавкат Мирзиёев барлық мәселе мұқият және жан-жақты қаралғанын, қазір екі ел арасында проблемалық мәселе жоқ екенін айтты.

"31 жылдық тәуелсіздік тарихында Қырғызстан мен Өзбекстанның қарым-қатынасы алғаш рет осындай деңгейге жетті. Әріптесім Садыр Нұрғожаұлына жеке қолдауы үшін бөлек алғыс айтқым келеді. Тіпті шекара мәселесінде оның саяси ерік-жігері болмаса, біз нәтижеге жете алмас еді". Шавкат Мирзиёев

Өзбекстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен қазір Бішкекте жүр.

Қырғызстан
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды медициналық тексеруден өткізу ережелерін жаңартты

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты