Димаш Құдайберген Армения, Түркия, Малайзияда концерт береді

Сурет: Zakon.kz
Stranger туры аясында үш елде Димаштың ауқымды шоу-концерттері өтпек, деп хабарлайды Zakon.kz.

DimashAli шығармашылық орталығы 2023 жылы Түркияның Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің көпфункционалды стадионында өтетін Димаш Құдайбергеннің жеке концерті туралы хабарлаған еді. Әншінің өзі де Instagram-дағы парақшасы арқылы қандай қалаларда концерт болатынын айтты.

Ал Анталиядағы концерт билеттерінің сатылымы 23 қаңтарда басталды. Dimashali.com сайтынан алуға болады.

Айта кетейік, қазір Димаш Үндістанда жүр. Ол жап-жасыл бақтың ішінде тұрып, тыңдарманына видео үндеу жолдады. 

"Ауырмаңыздар, аман жүріңіздер. Үндістаннан сәлем", - деді Димаш видеода.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы