Еуропалық одақ Ресейге қарсы санкциялар мерзімін 31 шілдеге дейін тағы ұзартты

Сурет: European Commission
Еуропалық одақ кеңесі Украинадағы жағдайға байланысты Ресей Федерациясына қарсы санкцияларды тағы алты айға ұзартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ЕО кеңесінің жұмада, 27 қаңтарда жариялаған мәлімдемесінде айтылады. 

"ЕО кеңесі Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін Ресейге қарсы санкцияларды 6 айға – 2023 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", делінген құжатта.


Шектеулер қаржы, энергетика және қорғаныс салаларына қатысты болып келеді. Сондай-ақ ол кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабар таратуын тоқтата тұру шарасын да қамтиды.

Бастапқыда бұл санкцияларды Еуропалық одақ 2014 жылдың 31 шілдесінде бір жылдық мерзімге енгізген еді. 2015 жылдың наурызында санкциялардың қолданылу мерзімі "Минск келісімдерінің толық орындалуына" байланысты алынбады, керісінше шиеленісе түсті. Осы сәттен бастап шектеулер әр алты ай сайын ұзартылып келеді. Мәскеу де қарсы жауапты шаралар қабылдады.

Ресей
Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді