Молдова Президенті Майя Санду үкіметтің отставкасын қабыл алды

Сурет: Twitter/Maia Sandu
Молдованың Премьер-министрі Наталья Гаврилица 10 ақпанда қызметінен кететінін жариялады. Бұл бүкіл министрлер кабинетінің отставкаға кететінін білдіреді. Өз кезегінде Молдова Президенті Майя Санду үкіметтің отставкасын қабыл алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Премьер-министрдің сөйлеген сөзінің видеосы Молдова үкіметінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

"Бір жарым жыл Үкімет басшысы болыппын, енді отставкаға кететінімді хабарлайтын да уақыт келіп жетті", - деді брифингте Наталья Гаврилица.

Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі, еуропалық интеграциядағы, әділет саласын реформалаудағы, энергетикалық дағдарысқа қарсы іс-қимылдағы жетістіктерге көпті баса назар аудартты.

Майя Санду үкіметтің отставкасын қабыл алып, Facebook-тегі парақшасында Премьер-министрге алғыс білдірді.

"Премьер-министрдің отставкасын қабыл алдым. Бұрын-соңды болмаған қиындықтарға қарамастан еліміз үлкен жауапкершіліктің, ынта-жігердің және жанқиярлық ерен еңбектің арқасында басқаруға ырық білдірді", - деп жазды Майя Санду.

4 ақпанда Молдовада энергетикалық дағдарыс жағдайында төтенше жағдай режимінің мерзімі ұзартылды. Ел билігі бұрын Ресейден алатын газ тапшылығына байланысты төтенше жағдайды ұзартып отыруға мәжбүр. Отынның жетіспеушілігіне байланысты газ бен электр энергиясының бағасы қымбаттады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін