Украинадағы ахуал: Қазақстан ҚХР ұстанымына қатысты мәлімдеме жасады

Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қытай Халық Республикасының Украинадағы дағдарыс бойынша ұстанымына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасы украин дағдарысын саяси реттеу бойынша Қытай Халық Республикасының ұстанымын құптай отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының қағидаттары негізінде мемлекеттің аумақтық тұтастығы, тәуелсіздігі және егемендігі негізінде қантөгісті тоқтатуға көмектесу ретінде қолдауға лайық екенін білдіреді. Біз бұл мәселені тек халықаралық құқық пен БҰҰ қағидаттары негізінде бейбіт жолымен шешуге балама жоқ деп есептейміз", - делінген мәлімдемеде.

Ведомство сонымен бірге Қазақстан әскери қақтығысқа қатысушы тараптардың ізгі ниет танытуын, ұрыс-қақтығысты тоқтатып, келіссөз үстеліне отыруын, ал әлемдік қоғамдастықтың жағдайды барынша дипломатиялық жолмен шешуге үлес қосуын жақтайтынын хабарлады.

"Қазақстан Қытай Халық Республикасының Жаһандық қауіпсіздік бастамасының тұжырымдамасында айқындалған біздің мемлекеттеріміздің бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешуінің ұқсастығын атап өтеді", - делінген СІМ мәлімдесінде.

Еске салайық, бұған дейін Қытай Украинадағы ахуалға қатысты өз ұстанымын жария етті. "Қытайдың украин дағдарысын саяси реттеу жөніндегі ұстанымы" атты құжат 12 тармақтан тұрады.

Бұл құжаттың мәтінінде қақтығысты реттеу туралы ұсыныстар, атап айтқанда, қырғи қабақ соғыстан бас тарту, бейбіт келіссөздерді қайта бастау және біржақты санкцияларды тоқтату керегі туралы айтылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды