СІМ шетелдегі азаматтарды елшіліктерге хабарласып, сайлауға қатысу үшін тіркелуге шақырды

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 62 елде 77 сайлау учаскесі ашылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын-ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет беруін сұраймыз. Учаскелердің байланыс деректері Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында қолжетімді болады", - деді Айбек Смадияров.
Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік, туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар Қазақстанның азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.
"Егер азаматтардың аты-жөні тізімде болмаса, дауыс бере алмайды. Бұл учаскелер шетелде орналасқандықтан біз ол жаққа бюллетеньдерді шектеулі мөлшерде жібереміз. Біз мыңдаған бюллетень жібере алмаймыз. Өткен сайлауда солай болды. Алдын ала тіркелмеген туристер келіп, дауыс беруге рұқсат бермегенде ренішін білдірді", - деді СІМ ресми өкілі.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: