Финляндия НАТО-ға өтуді қолдап, дауыс берді

Сурет: Eduskunta - Riksdagen
Финляндия Парламенті 1 наурызда, сәрсенбіде өткен отырыста елдің НАТО-ға мүше болу ықыласын мақұлдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Парламент отырысының трансляциясы кезінде белгілі болды.

Билік заң жобасын мақұлдады, 184 депутат оған "қолдап" дауыс берді, ал жеті депутат қарсы қалды. Заң жобасын түпкілікті ратификациялау үшін оған Республика Президенті Саули Ниинисте қол қойып, бекітуі тиіс.

Сондай-ақ, егер Түркия мен Венгрия оны ратификациялайтын болса ғана бұл елдің НАТО-ға мүшелігін жүзеге асыру мүмкін екені нақтыланады.

Екі күн бұрын түрік СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Түркия Швецияның НАТО-ға мүшелігін мақұлдауға дайын еместігін айтты.

Швеция Қорғаныс министрі Пол Йонсон Финляндияның Швециядан бұрын НАТО-ға кіруі екі елдің қорғаныс саласындағы ынтымақтастығын қиындатуы мүмкін екенін айтты.  

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды