Жыл басынан бері 3 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
1 наурыздағы жағдай бойынша 3 134 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бері республикаға жалпы 1 миллион 110,1 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан Қазақстанға қандастардың жартысы (50,0%) Өзбекстаннан, 16,3%-ы – Қытайдан, 15,9%-ы – Ресейден 8,4%-ы – Түрікменстаннан, 4,5%-ы – Моңғолиядан және 4,9%-ы басқа елдерден келген.

Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (27%), Маңғыстау (16,6%), Түркістан (7,1%) және Жамбыл (3,6%) облыстарына, сонымен бірге Астана (10,5%), Алматы (7,6%) және Шымкент (6,5%) қалаларына қоныстанды.

Биыл 1 ақпандағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 69,1% болды. Еңбекке қабілетті жастан кіші 22,7% және зейнеткерлер 8,2% болды. Еңбекке қабілетті жастағы кандидаттардың ішінен білім деңейі бойынша 20,1%-ы жоғары білімді, 40,9%-ы орта кәсіби білімді, 35,2%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ының білімі жоқ.

Қазақстан
Өзбекстан
Қытай
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді