Қазақстанның екі азаматы Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтті

Сурет: Zakon.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстан азаматтарының Оңтүстік Корея шекарасын заңсыз кесіп өтуі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, бұған дейін Кореяға кіруге тыйым салынған Қазақстанның екі азаматы Инчхон халықаралық әуежайынан заңсыз шығып кеткен.

"Олардың бірін кейін жергілікті полицейлер ұстады, екіншісін іздестіру жалғасып жатыр", - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарламасында.

Белгілі болғандай, бұл азаматтар Оңтүстік Кореяға 24 наурыз күні Ташкенттен "Koreanа" ұшағымен келіп, депортация рейсін күтіп тұрған.

Ведомствоның баспасөз қызметі Қазақстанның Сеулдегі Елшілігі осыған орай Корея Республикасының уәкілетті органдарымен тұрақты байланыста екенін түсіндірді.

"Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамның наразылығын тудырды және жергілікті БАҚ-та кеңінен жарияланды. Бұл болашақта Кореяның құқық қорғау және иммиграциялық органдарын Қазақстан азаматтарының елде заңсыз болуымен белсенді күресуге және қазақстандықтар үшін елге кіру тәртібін қатайтуға ынталандыруы мүмкін".ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

2023 жылдың 21 қаңтарында 41 жастағы ресейлік әйел Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталғаны хабарланған.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты