Өзбекстанда бір әйел 8 айлық қызын 10 мың долларға сатпақ болған

Сурет: Ферғана облысының ішкі істер басқармасы
Әйел Ферғанадағы массаж салонында жұмыс істеген. Ол қызын сатуға қиын отбасылық жағдай итермелегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызын шешесі 10 мың долларға бағалаған, бұл ақшаға ол көпқабатты үйден пәтер сатып алуды жоспарлаған, деп мәлімдеді Ферғана облысының ішкі істер басқармасы.

Әйелді полиция қызметкерлері мен Бас прокуратура жанындағы Экономикалық қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері жергілікті тұрғыннан ақша алып жатқан жерінен ұстаған.

Ол баланы сатпақ болғанына өкінетінін айтты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз