СІМ мәліметінше, Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимді өзара ырықтандыру инвестициялық қызметтің прогрессивті-құқықтық базасын құруға, Қытайға да, Қазақстанға да іс-сапарлар үшін тұрақты және болжамды жағдайды қамтамасыз ету арқылы инвесторларды қолдауға бағытталған тағы бір қадам болды. Бұл өзара іссапарларды жоспарлауды едәуір жеңілдетеді.
"Қытай азаматтарының 2022 жылғы маусымнан бастап Қазақстанда визасыз болуға құқығы бар екеніне назар аударамыз. Өздеріңіз білетіндей, Қытай азаматтары 14 күнге Қазақстанға визасыз келе алады. Ал жаңа жасалып жатқан келісімнің негізгі мақсаты – қазақстандықтардың шетелдік сапарлардағы мобильдігін арттыру. Бұл келісім бізге ұтымды. Қазақстан азаматтары Қытайға визасыз бара алады".Айбек Смадияров
Қазір Қытай коронавирус пандемиясынан кейін шекарасын ашып жатыр. Сауда-саттық, экономикалық ынтымақтастық дамып жатыр. Сондықтан Қазақстан мен Қытай билігінің жоғары ықыласы осындай нәтиже берді.
"Қазақстан үкіметі еліміздің қолайлы инвестициялық ахуалды қолдауға, іскерлік байланысты жандандыруға, туристік әлеуетті арттыруға мүмкіндік беретін визалық рәсімдер мен режимдерді ырықтандыру бойынша қадамдарды іске асырып жатыр. Осылайша ел экономикасына қосымша қаржы ағынын тартуға және оның азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын құруға жағдай жасалады". СІМ ресми өкілі
Мысалы, Kazakh Invest ұлттық компаниясының дерегінше, Қазақстанға тартылған жалпы тікелей инвестицияның деңгейі бойынша Қытай 7-орында тұр. 2022 жылы Қытай (Қазақстанға – автор) 1,4 млрд доллар инвестиция құйған.
"Келісім жобасының талабына сай Қытай Халық Республикасының азаматтары Қазақстан аумағына жеке туризм, емделу, халықаралық тасымалды жүзеге асыру, транзит, сонымен қатар іскерлік мақсатпен бір немесе бірнеше келу, кету, уақытша болу үшін мемлекеттік шекараны кесіп өткен сәттен бастап, 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге оның ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күнге визалық талаптардан босатылады. Шетелге азаматтықтарға осы визасыз режим шеңберінде еңбек және өзге де ақы төленетін қызмет істеуге тыйым салынады". СІМ