Си Цзиньпин Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: Instagram/zelenskiy_official
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тараптар екіжақты қарым-қатынастарды талқылап, Украинадағы дағдарыстық жағдайға қатысты пікір алмасты, деп хабарлайды Қытайдың Орталық теледидары.

Си Цзиньпин өз сөзінде Қытай Украинада атыс-шабыстың тезірек тыйылуына мүдделі екенін атап өтті.

"Қытай қысқа мерзім ішінде келіссөздер процесіне және атысты тоқтату шараларына батыл ат салысатын болады", деп телеарна Қытай көшбасшысының сөзін келтіреді.

Зеленский Twitter-де әңгіме "ұзақ және мағыналы болады" деп жазды:

"Бұл сөзталқы, Қытайда Украина елшісінің тағайындалғаны секілді, біздің екіжақты қарым-қатынастарымыздың дамуына күшті серпін береді деп санаймын".

Қытай теледидары Си Цзиньпин Зеленскийге Украинаға өз өкілін жіберетінін айтқанын хабарлады.

Бұл - өткен жылдың ақпан айынан бері екі ел көшбасшыларының алғашқы әңгімесі.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады