"Біріншіден, кейінгі кездері қоғамда Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режимге қарсы пікірлер айтылып жатыр. Ол орынсыз. Себебі келісімге әлі қол қойылған жоқ. Келісімге қол қойылса ғана ол күшіне енеді". Айбек Смадияров
Сонымен қатар ол былтыр жаздан бері Қытай азаматтары Қазақстанға 14 күнге визасыз келіп жүргенін еске салды.
"Қазақстан көшелерінде қытай қаптап жүрген жоқ. Енді 14 күнге келетін азаматтар 30 күнге келе алады. Қазақстанға, яғни бізге мұның ұтымды жағы да бар. Егер келісімге қол қойылса, Қазақстан азаматы тура солай Қытай азаматтары сияқты Қытайға 30 күнге визасыз кіре алады. Мысалы, біздің туристер Біріккен Араб Әмірліктеріне, Түркияға, Оңтүстік Кореяға және басқа да елдерге визасыз бара алады. Тура осылай Қытайға да баруға болады. 30 күнге тек туристік немесе іскерлік мақсатпен баруға болады. Визасыз келген адам (Қазақстан немесе Қытай азаматы) қос елде жұмыс істей алмайды. Егер шетелдіктің елімізде болғанына 30 күннен аса, онда ол міндетті түрде жазаланады". Сырты істер министрлігінің ресми өкілі
Визасыз режим кезінде Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк көлік жүргізушілері екі елге визасыз кіре алады. Смадияровтың сөзінше, бұл біраз мәселені шешіп бере алар еді. Қос ел арасындағы сауда-саттық өсіп, өңіраралық ынтымақтастық нығаяды, экономикамызға жақсы әсер етеді.
"Егер шекараны жауып тастасақ, эффект басқаша болады. Шекараны ашқаннан кейін жұмыс істеуіміз керек. Қытай - алпауыт экономикасы бар мемлекет. Орталық Азияда Қытаймен визасыз режим орнатқан жалғыз мемлекетпіз. Мұны біз дипломатиялық жеңіс деп есептейміз. Мамырда бұл келісімге қол қойылады. Осыдан кейін келісім күшіне енеді", - деп түсіндірді Айбек Смадияров.