Франсуздар жаппай диктант жазды

Сурет: Twitter/Charles Ducrocq
Францияда Геннистің рекордтар кітабына енетін көше диктанты өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шара Елисей алаңында өтіп, оған бес мыңнан астам қатысты, деп мәлімдеді BFM телеарнасы акцияға қатысқан рекордтар кітабы өкілдеріне сілтеме жасап.

Диктант жазу үш кезеңнен тұрды. Біріншісіне бір мезгілде 1397 адам қатысты. Олар француз жазушысы Альфонс Доденің "Менің диірменімнен хаттар" шығармасынан үзінді жазды. Мәтінді сахнадан журналист Огюстен Трапинар оқыды.

"Заманауи мәтіндерді" оқуға жазушы Катрин Панколь мен Париж мэрінің спорт жөніндегі көмекшісі Пьер Рабадан  шақырылды.

Елисей алаңында барлығы 1779 үстел орнатылып, сағат 07:00-ден 23:00-ге дейін көлік қозғалысы жабылды. Ұйымдастырушылар үш диктантқа да 5 мыңнан астам адам жиналды деп отыр.

Елисей алаңдары комитетінің төрағасы және ауқымды дикант жазу шарасының ұйымдастырушысы Марк-Антуан Жамэ "адамдардың тілге деген сүйіспеншілігін арттырып, білімге деген құштарлығын ояту" міндеті қойылғанын айтты.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз