Үндістанда аптап ыстықтан 100-ге жуық адам қаза тапты

Сурет: pixabay
Үндістанның халық көп тұратын екі штатында соңғы бірнеше күнде кем дегенде 96 адам қаза тапты, қазір бүкіл ел аптап ыстықтан зардап шегіп отыр. Уттар-Прадеш пен Бихар штаттарында ауа температурасы 45°C-қа дейін көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өлім-жітім солтүстік Уттар-Прадеш штаты мен шығыс Бихар штатында көп болды, билік осы штаттардағы 60 жастан асқан тұрғындарға және әртүрлі аурулардан зардап шегетін басқа адамдарға күндіз үйден шықпау керек екенін ескертті, деп жазды The Guardian.

Уттар-Прадеш штатының Баллия ауданында 54 адам қайтыс болды. Билік өлгендеі олардың көбінің жасы 60-тан асқанын және қатты ыстықтан асқынуы мүмкін сырқаттары бар екенін анықтады.

Баллия ауданының медицина қызметкері С.К.Ядав соңғы үш күнде аудандық ауруханаға аптап ыстықтан бұрыннан бар дерті асқынған 300-ге жуық науқас түскенін айтты.

Ауыр жағдайға байланысты билік жедел жәрдем бөлімендегі төсек санын көбейтті.

Патак есімді Баллия тұрғыны 17 маусымда әкесінен айырылған.

"Баллияда мұндай жағдай болған емес. Ыстықтан мұншалықты көп адам өлгенін көрген емеспін. Адамдар көшеге шығуға қорқып отыр. Жолдар мен базарлар қаңырап бос қалды".Патак

Жексенбі күні Баллия округінде ең жоғары температура 43°C болды, бұл нормадан 5°C-қа асып кетті. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25% деңгейінде бекітілді, бұл жылу әсерін арттырды.

Ал Қазақстанда мамыр айында ауа райы температурасы бойынша жаңа рекордтар тіркелді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды