Мәскеуде терроризмге қарсы іс-шаралар өткізіліп жатыр

Сурет: freepik
24 маусымда Ресей астанасында терроризмге қарсы іс-шаралар жүзеге асырыла бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіп түскен соңғы ақпаратқа сәйкес, Мәскеуде қауіпсіздік шараларын күшейтуге бағытталған терроризмге қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатыр, деп жазады Мәскеу мэрі Сергей Собянин өзінің Telegram-арнасында.

"Жолдарда қосымша бақылау шаралары енгізілді. Бұқаралық іс-шараларды өткізуге шектеу қоюылуы мүмкін. Қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын", – деп жазады Ресей астанасының мэрі.

Шектеу шаралары "Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Пригожиннің қарулы төңкеріс жасауға әрекеттенуіне байланысты енгізілді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ресейлік БАҚ-тардың хабарлауынша, 24 маусымға қараған түні Ростов облысында "Вагнер" ЖӘК қатарындағылар әскери көтеріліс жасауға әрекеттенді. Бұл туралы әскери компанияның басшысы Евгений Пригожиннен келіп түскен хабарламалардан кейін белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Ресейдің әскери генералы үндеу жасады: Әлі кеш болмай тұрғанда тоқтаңыздар!

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды