Песков: Пригожинге қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылады

Сурет: kremlin.ru
РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қозғалған қарулы бүлік туралы қылмыстық істің тоқтатылатыны, "Вагнер" ЖӘК-тің далалық лагерлеріне оралатыны, ал Евгений Пригожиннің өзі Беларусь еліне баратыны туралы келісімге қол жеткізілгенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, билік бүлікке қатысқан "вагнершілерді" бұрынғы майдан шебіндегі еңбегін ескере отырып қудаламайтын болды, деп хабарлайды ТАСС.

Песков екі президенттің мәселені реттеуде Лукашенконың делдалдық рөл атқаруына өзара келіскенін де жеткізді.

"Александр Григорьевич Пригожинмен бұрыннан таныс, бұл оның жеке ұсынысы болды. Біз осы іске ат салысқан ол кісіге разымыз". Ресей Федерациясы Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Ол жақын уақытта Путин үндеу жасамайтынын, ал бүлік жағдайы жүргізіліп жатқан арнайы операцияға еш әсер етпейтінін де баса атап өтті.

24 маусымда Беларусь Президенті Александр Лукашенконың баспасөз қызметі Пригожиннің "Вагнер" коллонасын тоқтатуға келіскенін мәлімдеді. Бұған Ресей Президенті Владимир Путиннің келісімі бойынша Беларусь басшысының Пригожинмен 24 маусымда күні бойы өткізген келіссөздер нәтижесінде қол жеткізілді. Көп ұзамай ресейлік ақпарат агенттіктері "Вагнер" ЖӘК жауынгерлері Ростовтағы Оңтүстік әскери округтің штаб-пәтерін тастап кете бастағанын растады.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев